Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 90 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Сотта мемлекет мүдделерін білдіруді, азаматтық, әкімшілік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;»;
3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшыларына, Бас әскери және көлік прокурорларына, Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала прокурорларына, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорларына, аудандық көлік прокурорларына, аудандық, ауданаралық және қала прокурорларына жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2026 жылғы 12 маусымдағы
№ 90 бұйрығына
қосымша